Елордадағы Жеңіс даңғылында BusLane енгізіледі

29 Маусым 2022, 07:33
1143
Бөлісу:
Елордадағы Жеңіс даңғылында BusLane енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылында (Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығы) 7 жолақты қозғалыс енгізіледі. Оның бірі қоғамдық көлікке арналған (BusLane), деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, бүгінгі күні аталған даңғыл бойынша 15 бағыт бойынша жалпы саны 175 автобус жүреді.

Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылықтар жасалады, - деді компаниядан. 

Сондай-ақ қоғамдық көліктің BusLane бойымен жүруі қарбалас сағаттарда автобусты күту уақытын 18% дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жеңіс даңғылында қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады. Бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады. Қазіргі таңда аталмыш учаскеде жол белгілерін салу жұмыстары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы