Келіп түскен ұсыныстардың 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды қолдайды - Көлгінов

29 Маусым 2022, 15:18
1933
Бөлісу:
Келіп түскен ұсыныстардың 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды қолдайды - Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлігінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстардың 51 пайызы жобаны жалғастыруды қолдап отырғанын айтты.  

Бұған дейін белігілі болғандай,  ЛРТ жобасына қатысты әкімдіктер ұсыныс жинап, бірнеше нұсқасын Үкіметтің қарауына жіберген еді.

Бұл туралы әкім BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасында айтты.

ЛРТ жобасы тек Нұр-Сұлтан бойынша емес бүкіл елімізде талқыға салынып келді. Өйткені жобаның өзіндік тарихы мен мәселелері бар. Оны бәріміз білеміз. Біздің әкімідік көптеген ұсыныстарды жинады. Қалалық урбанистика орталығының байқау жариялағанын білесіздер. Бізге 400-дей ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде қазақстандық және халықаралық көлік тасымалының эксперттері де бар. Статистикаға үңілсек, түскен ұсыныстардың 51 пайызы ЛРТ жобасын жалғастыруды, 42 пайызы оның баламалы жолын қарастыруды және 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды жөн көрген, - деді Нұр-Сұлтан басшысы. 
 

Өзгелердің жаңалығы