Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

29 Маусым 2022, 13:49
1017
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табыстаудың рәсімі салтанатты түрде өтті.

Академияны сәтті аяқтаған 9 докторантура және 122 магистратура бағдарламаларының түлектеріне дипломдар табысталды. Соның ішінде 29 түлек президенттік жастар кадрлық резервіне өтті. Түлектің көк мантиясын киген барлық бітірушілер ресми түрде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару акадамиясының түлегі.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет хабынан қонақтары қатысты.

Түлектердің өздері айтқандай, Академияға ашық конкурс арқылы түсуге болғанмен, магистрант атану оңай емес. Себебі жыл сайын Академия өз қатарына тек 130 жуық білім алушыларды қабылдайды екен. Әр түлек мемлекеттік басқару саласында алған білімін өзінің қызмет бабында пайдалануға асық.

Дәстүр бойынша түлектерге арнап Академия ректоры Ерлан  Әбіл құттықтау сөзін сөйледі.

Академияның миссиясы ел мен әлем игілігі үшін білімді қалыптастыру, сақтау және тарату болып табылады. Біз ашық болу және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен өз еліңді сүю құндылықтарын үнемі дәріптеп келеміз. Өздеріңіз білетіндей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» ашық болу бүгінгі күннің талабы. Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» деп айтқандай, осы аталған құндылықтарды үнемі ұстанып және одан әрі өз қызмет жолдарыңызда іс жүзінде қолданып, кәсібиліктің жоғары деңгейін танытатындарыңызға, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан дамыған Жаңа Қазақстанды құруға өз үлестеріңізді қосатындарыңызға кәміл сенімдімін,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы