Павлодарда жастар ресурстық орталығы мамандары біліктілігін арттырып жатыр

29 Маусым 2022, 17:25
1639
Бөлісу:
Павлодарда жастар ресурстық орталығы мамандары біліктілігін арттырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жобасы аясында жастар ресурстық орталықтары мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Телеграм каналы.

Бүгін Павлодар қаласында «NEET санатымен жұмыс істеу кезінде кәсіби және өмірлік дағдыларды оқыту» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг басталды.

Семинар жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерін NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне үйретуге бағытталған. Атап айтқанда, семинар аясында үздік отандық және халықаралық тәжірибелерді, NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін зерделеу жоспарланып отыр.

Жастардың осы санатының өкілдерімен нақты жұмысты жүзеге асыру мақсатында әрбір қала мен аудан бойынша NEET өңірлік деректер базасын құру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Семинар жаттықтырушылары Жастар қызметкерлері қоғамдастығы жанындағы жастар жұмысы жөніндегі жаттықтырушылардың ұлттық пулының мүшелері.

Өзгелердің жаңалығы