Парламент экологияны бүлдіргендерге жауапкершілікті күшейту бойынша қорытынды шығарды

Парламент экологияны бүлдіргендерге жауапкершілікті күшейту бойынша қорытынды шығарды
683

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарылды. 

Заң жобасы Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру аясында әзірленді. Заң жобасының мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман қоры жерлерінде экологиялық құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту.

Заң жобасының негізгі міндеттері ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны, жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін жауапкершілік деңгейін арттыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, жердің бүлінуі, жер қойнауын өз бетінше пайдалану және заңсыз ағаш кесу, ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау кезінде неғұрлым ауыр зардаптар үшін мөлшерлес жауаптылықты белгілеу, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және экологиялық апат аймақтарында жерді бүлдіргені үшін тең мәнді құқықтық режимді бекіту болып табылады, - деді Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Қылмыстық кодекстің 334-бабының бірінші бөлігі қылмыстық теріс қылық разрядынан қылмыс разрядына ауыстырылды, бұл ретте үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау шарасын енгізу арқылы санкция қатаңдатылады. Сонымен бірге, жоғарыда аталған баптың екінші және үшінші бөліктерінде тиісінше үш жылдан төрт жылға дейінгі және бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде санкциялар енгізілді. Осыған ұқсас санкцияларды күшейту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340 және 342-баптарында көзделді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында экологиялық залалды анықтауды алып тастау ұсынылады.

Бұған қоса, заң жобасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексін анықтау түрінде және хаттамалық нысанда жүргізілетін соңғы бөлігінде 334 (үшінші бөлігінде), 342 (төртінші бөлігінде) және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде) және 342 (екінші және үшінші бөліктерінде) баптарымен толықтыру көзделіп отыр.

Парламент Мәжілісінің комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. 

Заң жобасы бойынша таныстырылымы өтті. Жұмыс тобына 50 түзету келіп түсті, олар мүдделі мемлекеттік органдар, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының екі отырысында және Комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды. 

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдау мүмкін деп есептеді. 


Фото: дереккөз