Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

29 Маусым 2022, 13:25
1101
Бөлісу:
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі. 

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 157-орында тұрған америкалық Коко Вандевегемен кездесті. 

Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда Рыбакина айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:2). Екінші партияда есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5. 

Бір сағат 40 минутқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 11 эйспен бірге 1 брейк-пойнтты пайдалана білді. Қарсыласы 8 эйс жасағанымен, 9 брейк-пойнттың бірде-біреуін іске асыра алған жоқ. Елена екінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, 2019 жылғы US Open жарысының жеңімпазы, канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасады. 

Ол 224-орындағы америкалық Эмина Бектасты оңай ұтты – 6:1, 6:3. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте өзінен төрт саты төмен тұрған франциялық Ализе Корнемен ойнап, 3:6, 6:7 (5:7) есебімен ұтылып қалды. Ерлер арасында рейтингте 164-орындағы Михаил Кукушкин әлемнің 34-ракеткасы, америкалық Дженсон Бруксбиге шамасы жетпеді – 3:6, 2:6, 3:6.

Өзгелердің жаңалығы