Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты

29 Маусым 2022, 19:37
1220
Бөлісу:
Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Конференцияға Орталық Азия елдері стратегиялық зерттеу институттарының басшылары, өңір дамуының өзекті мәселелерін зерттеп жүрген белгілі сарапшылар келді.

Осындай көпжақты әрі жоғары деңгейдегі сарапшылар арасындағы диалог өңірлік проблемалар мен сынақтарға және оны шешуге байланысты бірыңғай тәсіл әзірлеуге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді, - деді Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы