Аргентинада көлік жүргізушілер ереуілге шықты

29 Маусым 2022, 20:55
1198
Бөлісу:
Аргентинада көлік жүргізушілер ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жүк көлік жүргізушілерінің ереуілі басылар емес, деп хабарлады «Хабар 24».

 Акцияға қатысушылар жанармай тапшылығы мен мардымсыз жалақыға наразы. Жиналғандардың айтуынша соңғы бірнеше апта бойы өтіп жатқан ереуілдерден әзірге нәтиже жоқ. Елде көлік қатынасы тұралап, аймақта құны 200 млн доллар болатын 350 мың тонна бидай діттеген жеріне жетпей жатыр. 

Мамандар жақын арада елге дизельді отын жеткізіледі деп уәде еткенмен, жүргізушілердің талабы әлі орындалған жоқ.  Роберто Арсе, жүргізуші: - Аз көлемде қалған жанармайдың құнын шарықтатып жіберді. 50 литр үшін 150 песоның орнына 280 песо төлейміз. Екі есеге қымбаттаған. Елдегі  жағдайды пайдаланып бағаны өсіргені дұрыс емес.
 

Өзгелердің жаңалығы