Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден шығарды

29 Маусым 2022, 08:25
1278
Бөлісу:
Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылды. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, 2 елдің арасы Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ушықты. Дегенмен Мәскеу бұл шешімге байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

70 Ресей дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдадық. Біздің барлаушылар олардың Болгарияның мүддесіне қарсы жұмыс істегенін анықтады. Осы маңызды операцияны сәтті өткізген Болгарияның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігін құттықтағым келеді, – деді Кирилл Петков, Болгария премьер-министрі Кирилл Петков, Болгария премьер-министрі.

Өзгелердің жаңалығы