Қонаев қаласында бокстан республикалық турнир өтті

29 Маусым 2022, 18:10
1664
Бөлісу:
Қонаев қаласында бокстан республикалық турнир өтті

Алматы, BAQ.KZ. Қонаев қаласында бокстан жасөспірімдер арасында  көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған бірінші республикалық турнир өтті.

Жарысқа 12 командадан 150 спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Биылғы наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағайдың атын халық қаласа, Қонаев деп өзгертуді қолдайтынын мәлімдеген болатын. Жергілікті халық бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады және бүгінде Қонаев қаласы Алматы облысының орталығы болды. Биыл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туылғанына 110 жыл толды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұдан соң Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаев игі тілегін арнап, жас спортшыларға ақ жол тіледі. Спорттық шара барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан бокс ардагерлері қоғамының төрағасы Мүслім Дайырбековке Қонаев қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, Алматы облысы әкімдігі атынан шапан жабылды. Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевқа да шапан кигізілді.    

Салтанатты рәсім аяқталған соң жарыс басталып, рингке алғашқы жұп пен төрешілер шақырылды.

Өзгелердің жаңалығы