СҚО тұрғындарының саны жыл сайын 5-6 мыңға азайып отыр

29 Маусым 2022, 17:35
1125
Бөлісу:
СҚО тұрғындарының саны жыл сайын 5-6 мыңға азайып отыр
Фото: Егемен Қазақстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.    

Көші-қон бағдарламасы біз үшін өте маңызды. Облыс тұрғындарының саны жыл сайын 5-6 мың көлемінде азайып отырғаны да рас. Статистиканы көрсеңіздер, сыртқа кеткен азаматтардың 89 пайызы Ресей мемлекетіне көшіп жатқан азаматтар, - деді әкім өз сөзінде. 

Сонымен қатар, жалпы Қазақстанға, оның ішінде Солтүстік Қазақстанға келемін деушілер де аз емес екенін айтты. Оның дерегінше, биыл Оңтүстіктен, Нұр-Сұлтан қаласынан және сырттан келетін адамдардың бүгінге дейін 800-і Солтүстік Қазақстанға көшіп барған. Ал биыл келемін деп жоспарлаған азаматтар саны 2300-дің үстінде. 

Олардың әрқайсысына мемлекет тарапынан белгіленген жан-жақты көмек төленеді. Әр отбасының мүшесіне 70 минималды көрсеткіш төленеді, ол 214 мың көлемінде. Үйді сатып алам деген азаматтардың да әрқайсысына 15 минималды көрсеткіш ретінде ақша төленеді, - деді ол. 

Айта кету керек, баспасөз конференциясында СҚО әкіміне көші-қоннан өзге аграрлық аймақтың басшысы ретінде бидайдың жағдайына, Петропавлдың атын ауыстыруға қатысты сұрақтар журналистер тарапынан жиі қойылды.   

Өзгелердің жаңалығы