Канадада банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді

29 Маусым 2022, 20:05
1122
Бөлісу:
Канадада банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Британиялық Колумбия штатында банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақат алған 6 сақшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Билік күдіктілердің көлігінде жарылғыш зат бар деген ақпарат болғанын, соған байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді. 

Төтенше оқиға болған Саанич қаласы АҚШ-пен шекара бойында орналасқан. Полиция толық ақпаратты кейін тарататынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы