Көркем еңбек пәні екіге бөлінді

29 Маусым 2022, 16:41
3877
Бөлісу:
Көркем еңбек пәні екіге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева  2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел барысында айтты.

Бастауыш сыныпта басталатын Көркем еңбек оқу пәнінінің мазмұны қалай болады?  Ол баланың практикалық дағдыларын қаншалықты арттырады? Қазір мұғалімдер де соны айтып жүр. Ол қажетті деңгейде емес. Оны әрі қарай дамыту үшін пәнді екі жеке пәнге бөлу туралы ұсынысты Съезде мұғалімдер дәлелдеп, ұсынды. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі Көркем еңбек пәнін екіге бөлуді ұйғарды, - деді ол.

Чокушева атағандай, ол бейнелеу өнері және еңбекке баулу болып бөлінді.

Биылғы оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары екі жаңа пәнді оқиды. Әрине, оқулық дайындауға да уақыт аз. Дегенмен осы пәндер практикалық дағдыны дамытуға бағытталғандықтан арнайы оқулықты қажет етпейді. Бірақ мұғалімге сабақты өткізуге оқу әдістемелік құрал немесе гайд қажет болады, – деді ол.

Оқу жылын ұзартуды ұсынып отырған педагогтер қосымша оқу апталары білім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға көмектесетіндігін алға тартып отыр. Сонымен қатар, оқу жылын ұзарту «күрделі» тақырыптарды аз уақытта игерту мәселесін шешеді. Сондай-ақ, жазғы демалыстың ұзақтығын қысқарту білім алушылардың алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді. 

Өзгелердің жаңалығы