Елордада айналымы 10 миллион теңгенің заңсыз терминалдары анықталды

29 Маусым 2022, 12:15
784
Бөлісу:
Елордада  айналымы 10 миллион теңгенің заңсыз терминалдары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда дүкендерінде 10 миллион теңге айналымы бар заңсыз терминал анықталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

ҚМА  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Елорда дүкендерінде заңсыз айналымнан түскен 800 000 теңге ақшасы бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңге болды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы