29 маусымға арналған метеожағдай

29 Маусым 2022, 06:10
1652
Бөлісу:
29 маусымға арналған метеожағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы қаласында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Айта кетейік, Алматы қаласында атмосфералық ауа сапасы бірнеше күннен бері нашарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы