Польшада көмір тапшы

29 Маусым 2022, 18:55
1336
Бөлісу:
Польшада көмір тапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған байланысты тұрғындар қыстың қамын қазірден ойлап, орман-тоғайды кезіп кетті. Айналадағы ағашты кесіп, жаппай отын жинауға кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ел билігі Ресейден келетін энергия көздеріне эмбарго енгізіп, көмір мен газ күрт азайды. Былтырдан бері баға 3 есе өскен. Өткен айдың соңына дейін орман шаруашылықтары 400 мың текше метр ағаш сатып үлгерген. 

Бұл бұрынғыға қарағанда 30 пайызға артыө көрсеткіш. Артур Гацкий, бас орманшы: - Украинадағы соғыс пен Еуропадағы жағдайға байланысты жергілікті тұрғындардың тарапынан ағаш отынға сұраныс айрықша артып отыр. Билік ағаш кесуге рұқсат та берді. Біздің де жұмысымыз көбейді.  
 

Өзгелердің жаңалығы