Жылына 10-15 мектеп салуды көздеп отырмыз – Алтай Көлгінов

29 Маусым 2022, 17:41
1315
Бөлісу:
Жылына 10-15 мектеп салуды көздеп отырмыз – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын 10-15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз.

Бұны елорда әкімі Алтай Көлгінов BaigeNews.kz «2022» жобасында айтты.

Ол елордада мектептер мен әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселесі өте өзекті екенін атап өтті.

Осыдан он жыл бұрын бізде мектеп жасындағы 75 мың бала болса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша – 220 мыңнан астам бала. 2018-ші жылы төрт мектеп, 2019-шы жылы – алты мектеп, 2020-шы жылы – 11 мектеп және былтыр  – 16 мектеп салынды . Сегіз үш ауысымды мектеп болды, оны төрт аусымға қысқарттық. Бала толы 24 мектеп болды, олардың санын 14-ке дейін қысқарттық. Бірақ құрылыс қарқынынан бір жыл қалып қойсақ, онда бұл көрсеткіш білім сапасына әсер етеді, сондықтан біз көп мектеп салуымыз керек, - деп түсіндірді әкім.

Оның айтуынша, елордада жыл сайын 10-15 мектеп салу жоспарлануда. Биыл 16 нысанда құрылыс жүріп жатыр, жыл соңына дейін 11 мектеп пайдалануға беріледі.

Қаржыландырудың үш көзі бар. Барлығын тек бюджет есебінен шешу қиын. Біз республикалық бюджет арқылы құрылыс жүргізіп жатырмыз, келесі көз - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, үшіншісі - жекеменшік мектептер, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы