Каспий саммиті мемлекетаралық мәселелерді кез келген жағдайда шешуге болатынын көрсетті - сарапшы

29 Маусым 2022, 21:51
1267
Бөлісу:
Каспий саммиті мемлекетаралық мәселелерді кез келген жағдайда шешуге болатынын көрсетті - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ашхабадта өткен «Каспий бестігінің» VI саммитінің қорытындысы жайлы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Ерболат Сейлеханов өз тұжырымын айтты.

Ашхабадта өткен «Каспий бестігінің» VI саммиті игі саяси ерік-жігердің арқасында замануи күрделі халықаралық жағдайда да шиеленісті мемлекетаралық мәселелерді шешуге әбден болатынын көрсетті. Тараптардың алда тұрған қиындықтарға тату көршілік және достастық сезіммен бірлесіп жауап іздеуге дайын екендіктерін танытатын диалогының маңызы зор – дейді саяси сарапшы.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркіменстан астанасында өткен жиында сөйлеген сөзінде айтылған түйінді пікірлер еліміздің Каспий өңірінің өзекті мәселелеріне шын мәнінде прагматизм және жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына деген көзқарасын көрсететін бес міндетті атап өтті. Бұған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның (2018 жылғы тамызда Ақтауда өткен «Каспий бестігінің» саммитінде қабылданған) күшіне енуін қамтамасыз ету, теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өзара көліктік байланысын дамыту, оның ішінде негізгі рөлді Транскаспий халықаралық көлік жолы мен оның инфрақұрылымы, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және Каспий азық-түлік хабын құру, Каспийдің экожүйесін сақтау және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту кіреді – дейді Ерболат Сейлеханов

Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстары жан-жақты ойластырылған, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғандығымен ерекшеленетінін айта кеткен жөн.

Әсіресе, Президент Қ.К. Тоқаевтың Каспий теңізінің проблемаларын зерттеу үшін «Каспий бестігінің» талдамалық құрылымдарының консорциумын құру туралы бастамасы қатты қуантты – дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы