Елордада қоғамдық кеңестерге арналған стратегиялық сессия өтті

29 Маусым 2022, 15:39
1630
Бөлісу:
Елордада қоғамдық кеңестерге арналған стратегиялық сессия өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Аманат» партиясының алаңында қоғамдық кеңестердің өкілдері қоғамдық бақылау институттары жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа міндеттер мен ұсыныстарды талқылады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру және мақсат қою» сессиясын «Eurasian Expert Council» ҚҚ ұйымдастырды. Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

Елордада қоғамдық кеңестерге арналған стратегиялық сессия өтті

Стратегиялық сессияның мақсаты – қоғамдық кеңестер өкілдерінің біліктілігін арттыру. Бүгін біз мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің жоспарларын талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қоғамдық кеңес-бұл бюджеттік ашықтықтың құралы. Азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімі болуы үшін олардың нақты және сапалы жұмысты көрсету маңызды, - дейді «Eurasian Expert Council» ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев.

Сессияның жұмысы аясында қоғамдық кеңестер жұмысының өзекті және проблемалық мәселелері талқыланды. Шара  топтық кейс-ойынға ұласты.

Елордада қоғамдық кеңестерге арналған стратегиялық сессия өтті

Орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор жанындағы қоғамдық кеңестер үнемі жетілдіріліп отыруы тиіс. Бюджет қаражатын, министрліктер, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерді іске асыруға қоғамдық бақылау жасау-азаматтық қоғамды дамытуда да, жалпы мемлекеттің де қажетті құрамдас бөлігі, - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік жоба аясында мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өңірлік, республикалық қоғамдық кеңестерінің қызмет тәжірибесіне сапалы талдау жасалады. Сонымен қатар, өткізіліп жатқан стратегиялық сессиялар қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттырып, рөлін күшейтеді деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы