Медициналық сақтандыру қорына 5 айда 398,4 млрд теңге жарна түсті

29 Маусым 2022, 11:44
1334
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қорына 5 айда 398,4 млрд теңге жарна түсті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың бастапқы 5 айында Медициналық сақтандыру қорына 398,4 млрд теңге түсті. Оның 42,5 млрд теңгесі Алматы қаласына тиесілі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында  айтты.

Сақтандыру қорына түскен жарнаның:

- 23,5 млрд теңгесін – жұмыс берушілер;
- 16,0 млрд теңгесін – жұмыскерлер;
- 1,5 млрд теңгесін – жеке кәсіпкерлер;
- 1,1 млрд теңгесін – азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететіндер;
- 123,0 млн теңгесін – БЖТ төлеушілер;
- 129,0 млн теңгесін – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар аударған.

Аударымдардың басым бөлігі – жеңілдігі бар 15 санатты сақтандыратын мемлекеттің, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының еншісінде.  

Әбілдаев осы жылдың 4 айында қорға Алматы тұрғындарынан 1698 өтініш келіп түскенін жеткізді. Оның – 1249-ы шағым, 499-ы медицина қызметкерлерінің атына жазылған алғыс екен.

Құрылымдық тұрғыдан алып қарағанда, алматылықтар көбіне диагностика қызметін көрсетуден бас тарту, көрсетілмеген қызметті ақпараттық жүйеге «көрсетілді» деп тіркеу, медициналық көмек сапасы, тегін қызметті ақылы түрде көрсету, медицина қызметкерлерінің дөрекілігі сынды фактілерге шағымданады,-деді филиал басшысы.

Жалпы, құқы аяқ-асты болған пациенттер қордың Qoldau24/7 мобильді қосымшасына, 1406 бірыңғай байланыс нөмірі немесе fms.kz ресми сайты арқылы шағымдана алады.

Өзгелердің жаңалығы