ЛРТ: Көлгінов альтернативті көлік түріндегі жобаның неге іске аспайтынын түсіндірді

29 Маусым 2022, 16:07
1700
Бөлісу:
ЛРТ: Көлгінов альтернативті көлік түріндегі жобаның неге іске аспайтынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елорда әкімі Алтай Көлгінов BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасындағы сұхбатында айтты.

Эксперттердің ойы мен ұсыныстардың негізінде альтернативті көлік түріндегі жобаны қарастырдық. Мысалы, эстакадаларда электрлік автобустар іске қосылады. Оның экологиялық көлік түрі екенін бәріміз білеміз. Бірақ оны серіктес консорциумының өкілдерімен талқылау қажет болды. Қытайлық компаниямен келісіміз халықаралық мәртебеге ие. Алайда, келісімге сәйкес, қытайлық серіктестеріміз қарсы болды. Өйткені ЛРТ жобасы басынан-ақ инженерлік құрылымдары бар жеңіл рельсті көліктерге арналғанын ескерді. Сондықтанда альтернативті көлік түрі жобасы да жүзеге асуы мүмкін емес. Егер келісім-шартты бұзатын болсақ, халықаралық орбитаға шығу қаупі бар. Өйткені келісім-шартта солай жазылған, - деді Көлгінов «2022» жобасындағы сұхбат барысында.

Сонымен қатар қала әкімінің атап өтуінше, бастапқыдағы барлық қол қойылған келісім-шарттарда барлық сандар шетел валютасында көрсетілген. Төлемдер тек АҚШ долларымен жүзеге асырылған. Жобаның құны 1,8 млрд АҚШ доллары.

Еске салайық, бұған дейін белігі болғандай,  ЛРТ жобасына қатысты әкімдіктер ұсыныс жинап, бірнеше нұсқасын Үкіметтің қарауына жіберген еді. 

Өзгелердің жаңалығы