Қазақстандық жазушы өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алады

29 Маусым 2022, 10:25
1760
Бөлісу:
Қазақстандық жазушы өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жазушы, бірнеше публистициклық кітаптың авторы  Шархан Қазығұл өзінің Телеграм каналында хабарлады.

«Жыртық үйдің құдайы бар» деген. Биыл алғаш рет өткізілген «Қазақстан туралы ең үздік роман» әдеби конкурсының жалғыз бас жүлдесін жеңіп алдым! «Меценат.кз» компаниясы елімізде алғаш рет ұйымдастырған бәйгенің тұңғыш лауреаты болу бақыты бұйырды! Қуаныш та жек жоқ! Құдай көп көрмесін!  Осы конкурста менің романым үшін дауыс берген барлық оқырмандарыма және жан-жақты жанашырлық танытқан жақын туыстарыма шексіз ризашылығымды білдіремін! Алла разы болсын!, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы