МӘМС жүйесі аясында реабилитациялық қызметтерге 3,4 млрд теңге жұмсалды

29 Маусым 2022, 11:41
1578
Бөлісу:
МӘМС жүйесі аясында реабилитациялық қызметтерге 3,4 млрд теңге жұмсалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында  айтты.

Міндетті медициналық сақтандыру медициналық реабилитацияға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, оның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген. 

Әбілдаевтың айтуынша, Алматы қаласы бойынша 2020 жылы реабилитация қызметіне 4,2 млрд теңге, 2021 жылы – 6,3 млрд теңге жұмсалған, ал 2022 жылға – 7,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Реабилитацияға небәрі 0,6 млрд теңге жұмсалған 2019 жылмен салыстырғанда, қаржыландыру көлемі 13 есе артқан.  

Жыл сайын реабилитациялық көмек көрсететін клиникалар саны да артып келеді. Мысалы, 2019 жылы Алматыда қормен 4 реабилитация орталығы жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны 114-ке жетті,-деді ол.

Сонымен қатар ол 2022 жылдың 5 айында алматылықтар амбулатория деңгейінде 7,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілгенін айтты.

Бүгінде тұрғындар белгілі бір сырқаттар бойынша қос пакет шеңберінде де тегін дәрі-дәрмек ала алады. Жалпы, медициналық қызмет көлемі ғана емес, сырқат түрлеріне қарай берілетін дәрі-дәрмек саны да бірнеше есе артқанын атап өткім келеді. Мысалы, тегін медициналық көмек пакетінде 50 нозология бойынша дәрі беріледі. Ал, сақтандыру пакетінде ересектер 50 түрлі, балалар – 73 түрлі дерт бойынша тегін дәрі ала алады,-деді Әбілдаев.

Өткен 5 айда Алматы қаласы бойынша тегін медициналық көмек пакеті бойынша 131 мыңнан астам пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. МӘМС пакеті бойынша 30 мыңнан астам ересек, 11 мыңға жуық бала тегін дәрі-дәрмек алды.

Еске сала кетсек, тегін дәрі-дәрмек мәселелері жөнінде СК-Фармацияның 1439 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы