Все новости за 18 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сауд Арабиясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид әл-Хурейджимен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, шаңды дауыл тұрып, күн күркірейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Мәдени демалыс: Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апта сайын мәдениет мекемелері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты және түрлі жанрлық іс-шаралар, мерекелік бағдарламалар әзірлейді. Осы аптада қойылымдар, аспаптық ансамбльдердің концерттері, көрмелер, дәрістер және тағы басқалары өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
COVID-19. АҚШ-та індеттің екі айлық төмендеуінен кейін вирус қайта өршуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қазақстан елшісі Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрімен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шарифтің Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрі доктор Невин әл-Каббаджмен кездесуінде әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
ИИДМ вице-министрі Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Антон Заевпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында 34 мың жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықпен күрес барысы талқыланды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармалар алдында жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті басты назарда болуы керектігін айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Алматы зообағындағы жануарларға ойыншықтар сыйға берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы зообағындағы жануарларға ойыншықтар таратылды. Аталған ойыншықтар «Зообақта сыйлықтар күтеді» атты акциясы аясында жиналған. Бұл туралы зообақтың instagram парақшасында жарияланды.
-
Израиль Премьер-министрі Қазақстанда өтетін АӨСШК Саммитіне шақыру алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысының Сыртқы саясат жөніндегі орынбасары Авивит Бар-Иланмен кездесті.
-
ШҚО-да бір күнде 39 дала өрті ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да бір тәулік ішінде 39 өрт оқиғасы болған, деп хабарлайды altaynews.kz.
-
Алматыда пышақпен қаруланған қалта ұрысы ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы пышақпен қаруланған қалта ұрысын ұстады. Қаскөй тек қоғамдық көліктерде ғана жүрген. Бұл туралы Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әділет вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды.
-
Елордада «Паралимпиадашы» фильмінің тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Паралимпиадашы» фильмінің тұсаукесері өтті.
-
Түркістанда «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы сахналанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе облысының Түркістан өңіріндегі мәдениет күндері аясында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ұжымының «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы көрерменге ұсынылды.
-
Сенаторлар Орталық Азия елдерінің парламентшілері мен СІМ өкілдерінің кездесуіне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әбдәлі Нұралиев пен Мұхтар Жұмағазиев осы күндері Қазақстан астанасында өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің парламентшілері мен СІМ өкілдерінің кезекті алтыншы кездесуіне қатысты.
-
Қарағандыда ер адам студентке шабуыл жасап, тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда студентті тонап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Кәсіптік білім беру аясында 12 мыңға жуық шәкірт тегін білім алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында экономика салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында кадрлар даярлауда іс-шаралар жоспары әзірленген.
-
Президентке экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөнінде ұсыныстар берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин есеп берді.
-
Панфилов ауданында «Жаркент бөрісі» турнирі өтті
Алматы, BAQ.KZ. Жаркент қаласындағы №1 спорт мектебінде Панфилов ауданы әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен алғаш рет «Жаркент бөрісі» аудандық турнирі өтті. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпарат алаңы хабарлады.
-
Жамбыл облысында еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арна жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтап, жолын кесті.
-
Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 22,8 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл екі айда Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық аймақ арасындағы тауар айналым 3,8 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Серік Шәпкенов «Ералы» су торабын жаңғырту жобасымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барып, бұған дейін жарияланған төтенше жағдай аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазығұрт ауданында су электр станциясы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының су энергетикасын дамыту мүмкіндігі жоғары. Бұл жайлы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында баяндалды.
-
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасының ашылу салтанаты өтті.
-
Екі айдың ішінде елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 3520 адам кетіп, елге 2869 адам келген. Көші-қон сальдосы-651 адам.
-
Павлодар облысында 500-ге жуық саяжай өртеніп кеткен
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі маусымы басталғалы бері сегіз дерек тіркелді. Салдарынан бағбаншылық шаруашылық аумақтарында 478 саяжай мен нысандары жанып кетті.
-
Елімізде «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайынғы мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтетін «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі басталды.
-
2000-нан астам оқушы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 2 070 оқушы қатысады. Қорытынды кезең 18 сәуірде басталып, 23 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
«Қазақстан халқына» қоры 3 баласынан айрылған отбасына үй алып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысындағы өрт кезінде 3 баласынан айрылған отбасына үй алып берді.
-
Көкшетауда қазақ тілін жеңіл әдістемемен үйрететін клуб ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді мемлекеттік тілді инновациялық әдістермен үйренуге болады. Көкшетауда ерекше әдіс-тәсілдермен тілді үйрететін «Тілдесейік, достар!» клубының алғашқы сабағы өтті.
-
UFC файтері Шавкат Рахмонов әке атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов әке атанды.
-
Павлодарда «Таза су айдындары» акциясы басталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы басталды. Мақсат - су тоғандарының аумағын қоқыстан тазалау.
-
Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың төрағалығымен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
-
ТМД бойынша қазақстандық зейнеткерлер зейнетақыларын тамаққа аз жұмсайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік бағасы мен зейнетақының арақатынасы бойынша 44 елдің рейтингінде Қазақстан небәрі 37-орынды иеленді.
-
ІІМ Алматы Академиясының жеке құрамымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. ҚР ішкі істер министрі М. Ахметжанов Алматыға келген жұмыс сапары кезінде М. Есболатов атындағы Алматы академиясына келіп, жеке құраммен және академия тыңдаушыларымен, курсанттармен кездесу өткізді.
-
Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада түтін шығуының себебі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының түтіндеуі байқалды, «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері, ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан асып кетуі тіркелді, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
-
Қорғаныс министрі Алматы, Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуын бақылау барысында Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1018 шағым түсті
Алматы, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 3 айында Медициналық сақтандыру қорына Алматы тұрғындарынан 1018 шағым түсті. Бұл туралы МСҚ Алматы филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты.
-
Тоқаев Элимановқа тергеу кезінде заңды сақтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.
-
Президенттің 155 тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Атырауда «Таза қала» акциясы аясында 86 тонна қоқыс жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Мусин: Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі Мәжілістің күн тәртібінде тұрған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі Парламент Мәжілісінің күн тәртібінде тұрған жоқ екенін айтты.
-
Ордабасы ауданында калифорния шылаушынын өсірушілер көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде аудан шаруаларына биогумус органикалық тыңайтқышын өндірудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар-кеңес өтті.
-
Қазақстанда қандай жаңа саяси партиялар пайда болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда төрт жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.
-
Ақмола облысында нан бағасына бақылау күшейтілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігі өсірілетін Ақмола облысында да диірменшілер шикізат құнының өсуіне тап болып отыр. Өңірдің астық нарығындағы жағдайы туралы Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов айтып берді.
-
Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған ел біріншілігі алты күнге созылады. Қатысушылар 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жеңіс Қасымбек Саран қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тұрғындармен кездесуінде жолдарды, үйлер мен аулалардың қасбеттерін жөндеу, Саран қаласының инфрақұрылымын дамыту және ТКШ-ның басқа да мәселелері басым болды.
-
Украинада 1,4 млн адам ауыз сусыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соғыстың салдарынан Украинаның шығысында 1 миллион 400 мың адам ауыз суға қол жеткізе алмай отыр, деп жазды «Хабар 24».
-
Стамбұлда жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Түркияның Стамбұл қаласындағы Бейоглу ауданында жарылыс болды.
-
Сенаторлар Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда биылғы жылғы 21 сәуірге жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.
-
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 100-ден астам өнім түрі шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өндірілген тауарлар Жапония, Оңтүстік Корея, ҚХР, ГФР, Италия, Польша, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейге экспортталады.
-
Тоқаевтың туысы Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Болгариядағы елші қызметін атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы Конституцияға енгізілген өзгертулер қабылданғаннан кейін қызметін босататыны туралы айтты.
-
Республикалық маңызы бар 8 мың шақырым жолда жол белгі жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы ауқымды көктемгі тазалау жұмыстарын бастап кетті.
-
Президент туралы заңға енгізілген өзгерістер жыл соңына дейін қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин Президент туралы заңға енгізілген өзгерістер жыл соңына дейін қабылданатынын айтты.
-
Енді Президент аудан және ауыл әкімдерін жұмыстан босата алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай Президент аудан және ауыл әкімдерін лауазымдарынан босата алмайды. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
-
Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.
-
Мектептегі әлімжеттік. Биыл полиция 4 қылмысты әшкерелеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты.
-
Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны қысқартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны қысқартылатынын мәлімдеді.
-
Президенттің жақын туыстары қандай қызметке орналаса алмайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің жақын туыстарына кім жатқызылатынын және олар қандай лауазымды қызметтерге орналаса алмайтынын айтты.
-
Жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыстарды жасырған адам 6 жылға дейін сотталады – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты.
-
Қаруды заңсыз сақтау. Қылмыстық жауапкершілік бойынша 379 материал тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Мусин Президенттің саяси партиялардағы мүшелігіне тыйым салуды белгілеу мәселесін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері туралы» айтып берді.
-
Соңғы кезде алаяқтар полиция атынан хабарласып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
-
Асхат Аймағамбетов тіл білу дағдыларын өлшейтін рейтингтер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы телеграм каналында жазды.
-
Алдағы күндері жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасы банкінің жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформасы іске қосылды.
-
Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жаңаөзенде су кесте бойынша беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 сәуірден қыркүйекке дейін Жаңаөзенде су кестеге сәйкес беріледі.
-
«Батыл тойтарыс». Лаңкестерге қарсы күрес бойынша жаттығу қалай өтті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарулы күштерде екі ауқымды шара - әскерлерді бақылау тексерісі және «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жедел басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков айтып берді.
-
Сыр өңірі: жатақхананың жағдайы қалай?
Қызылорда облысы. BAQ.KZ тілшісі. Соңғы уақытта мемлекет тарапынан білім алушылар арасындағы жатақхана мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл бастаманы бақылауда ұстаған Сыр өңірінде де студенттер үйінің саны мен сапасы артып келеді.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
-
700-ден астам жасөспірім екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірдегі Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 473 336 адам, 2 - ші компонентін 9 217 525 адам салдырды.
-
Еуроодақ Ресей кемелеріне шектеу қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей кемелерін Еуроодақ елдерінің кемежайлары қабылдамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 72 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 72 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Елімізде өткен тәулікте 9 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 9 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх