Елордада «Паралимпиадашы» фильмінің тұсаукесері өтті

18 Сәуір 2022, 20:16
1560
Бөлісу:
Елордада «Паралимпиадашы» фильмінің тұсаукесері өтті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Паралимпиадашы» фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильм - Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жас режиссерлер үшін питчинг конкурсы іріктеуінен өткен алғашқы қазақстандық туындылардың бірі.
Картинаның бас продюсері Әділет Ибраһим болса, идея авторы – режиссер Алдияр Байракимов.

Режиссер Алдияр Байракимовтың айтуынша, паралимпиадашылар тақырыбы өте өзекті.

Бұл фильмді түсіру туралы идея екі жыл бұрын басталды. Біз барынша картинаны сәтті етуге тырыстық. Енді көрерменнің бағасын күтеміз. Осы туындының жарыққа шығуына атсалысқан командаға алғысым шексіз, - деді ол.

Спортшыларымыздың шынайы оқиғаларына негізделген мотивациялық көркем фильм түсіруге шығармашылық топты парашаңғышы Александр Колядиннің жеңісі шабыттандырыпты. 2018 жылы ол қысқы Паралимпиада ойындарында алтын алған болатын.

«Паралимпиадашы» фильміндегі басты кейіпкерді белгілі актер Асқар Ілиясов ойнайды. Сюжет бойынша Сочидегі Олимпиада ойындарына дайындалып жатқан спортшы Мақсат Қуанышбаев әлемдік доданың алдында  апатқа ұшырап, аяғынан айырылады. 

Уайымның жетегінде қалған ол паралимпиадалық қозғалыстағы жаңа достармен танысып, спортқа қайта оралады. Табанды спортшы шаңғы тебуді бастап, Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарына қатысуға дайындалады.

Фильм Алматыда, Алматы облысында және Щучинск қаласында түсірілді. Түсірілім барысында 40 градус суықта жұмыс істеуге тура келді. Жаңа отандық фильмді 21 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы