Атырауда «Таза қала» акциясы аясында 86 тонна қоқыс жиналды

18 Сәуір 2022, 14:41
1326
Бөлісу:
Атырауда «Таза қала» акциясы аясында 86 тонна қоқыс жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналған қоқысты шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарынан 15 техника жұмылдырылды.

Мен қаламның таза болғанын қалаймын. Сол мақсатта топ студенттеріммен бірге қаланы қоқыстан тазартуға атсалыстық. Осы орайда, тұрғындарға ауламыздан бастап тазалықты қалыптастырып, табиғатты аялауға шақырғым келеді. Жаңа Қазақстанды тазалықтан бастайық, деді Атырау сервис колледжінің 1 курс студенті Рахим Кудуш.

Санитарлық тазалықпен қатар облыста тал егу акциясы бастау алды. Қаладағы Береке ықшам ауданында 400, ауылдық округтерде 900 данаға жуық көшет отырғызылды.

Өзгелердің жаңалығы