ШҚО-да бір күнде 39 дала өрті ауыздықталды

18 Сәуір 2022, 20:44
1212
Бөлісу:
ШҚО-да бір күнде 39 дала өрті ауыздықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да бір тәулік ішінде 39 өрт оқиғасы болған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қазір өңір бойынша дала өрті жиілеп келеді.

Семей қаласындағы Советская көшесінде тұратын азамат өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермей өз учаскесінде от жаққан. Тілсіз жау көрші аумаққа тарап, шаруашылық қора-жайға және 40 шаршы метр аумақта құрғақ шөпке жайылған, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша 61 260 теңге сомасында айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы