ТМД бойынша қазақстандық зейнеткерлер зейнетақыларын тамаққа аз жұмсайды

18 Сәуір 2022, 16:27
1835
Бөлісу:
ТМД бойынша қазақстандық зейнеткерлер зейнетақыларын тамаққа аз жұмсайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік бағасы мен зейнетақының арақатынасы бойынша 44 елдің рейтингінде Қазақстан небәрі 37-орынды иеленді. 

finprom.kz-тің мәліметінше, қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының 47,2%-ын тамаққа жұмсайды.

Алайда рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Қазақстанның көрсеткіші ең жақсы болып шықты. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер тамаққа зейнетақысының 58,9%-ын, Молдовада - 59,2%, Беларусьте - 76,7%, Украинада - 84,9% жұмсайды. Бұл елдер рейтингі арасындағы ең нашар көрсеткіш, - делінген ақпаратта.

Норвегия үздік елдер қатарында. Бұл елде зейнетақының тек 13,4%-ы тамақ алуға кетсе, Аустрия 13,7%-ы және Франция 14,3%-ы тамаққа жұмсалады.

Рейтингке қатысушы елдер арасында ең көп зейнетақы мөлшері Норвегияда – 2 017 АҚШ доллары. Үздік үштікке Швейцария (1 913 АҚШ доллары) мен АҚШ (1 663 АҚШ доллары) кіреді.

Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие, бірақ ол небәрі 220 АҚШ долларын құрайды. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар, Беларусьте - 183 доллар, Молдовада - 143 доллар, Украинада - 123 доллар төленеді.

2021 жылы елде 65 және одан жоғары жастағы 1,6 миллион зейнеткер болды. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмысын жалғастырды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3%-ға артық. Сондай-ақжұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі небәрі 4,3%-ды құрады.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2%-ы немесе 48,7 мың адам дербес жұмысшы болды, 22,6%-ы немесе 15,9 мың зейнеткер жұмысшылар. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары мен үлескерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар ретінде тіркелді.

Салалық тұрғыда зейнеткерлердің басым бөлігі аграрлық секторда жұмыспен қамтылған: 73% немесе 51,3 мың адам. Өнеркәсіптің басқа да танымал салалары арасында көтерме, бөлшек сауда және автокөлік жөндеу, сондай-ақ көлік және логистика секторы атап өтілді.

Еске салайық, биылдың наурыз айында орташа зейнетақы мөлшері 105,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 5,2%-ға артық. Елімізде барлығы 2,2 миллион зейнеткер бар.

Өзгелердің жаңалығы