Жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыстарды жасырған адам 6 жылға дейін сотталады – ІІМ

18 Сәуір 2022, 11:31
1400
Бөлісу:
Жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыстарды жасырған адам 6 жылға дейін сотталады – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин  айтты.

Жасөспірімдерге қатысты қылмыстың зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты түрлері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады. Осылайша, тараптардың татуласу мүмкіндігі алынды. Сонымен қатар педофилдер рақымшылық пен мерзімінен бұрын босатылу құқығынсыз барынша қауіпсіздік мекемелерінде ұсталады, - деді Жұманалин.

Ол атағандай, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасырған адамдар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Педагогтар кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы құқыққа қарсы әрекеттер жасау фактілері туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. Осы жерде мен барша қазақстандыққа өздеріне белгілі болған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық фактісі туралы полицияға дереу хабарлауға шақырамын. Азаматтық жауапкершілік танытып, біреудің бақытсыздығынан өтпей, мұндай қылмыстардың бетін ашпауларыңызды сұраймын. Балаға зорлық-зомбылық көрсеткен, психологиялық немесе физикалық жарақат алғандар қатаң жазалануы керек, - деді Жұманалин. 

 

Өзгелердің жаңалығы