«Батыл тойтарыс». Лаңкестерге қарсы күрес бойынша жаттығу қалай өтті?

18 Сәуір 2022, 09:42
1292
Бөлісу:
«Батыл тойтарыс». Лаңкестерге қарсы күрес бойынша жаттығу қалай өтті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарулы күштерде екі ауқымды шара - әскерлерді бақылау тексерісі және «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жедел басқармасының бастығы полковник  Нұрлыхан  Темірбеков айтып берді.

Биылғы жаңа форматтағы тексерістер өте маңызды өтіп жатыр, өйткені кезекті жаңа тәсілдер пайдаланудамыз, әскери бөлімшелер тексерісті жақсы бағаға тапсырып жатыр. Бағынысты әскерлердің тексерісін екі дәрежемен тексеріп жатырмыз. Кәдімгі ұжым құрып, бағынысты әскерлердің әзірлігін және тағы да тойтарыс беретін амалдарын қарастыру арқылы тексеріс жүргізіп отырмыз, - деді Темірбеков.

Оның айтуынша, «Батыл тойтарыс» ведомствоаралық оқу-жаттығуы осындай ауқымда алғаш рет өткізілді. 

«Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуы біздің Қарулы күштерде осындай ауқымда бірінші рет өткізілді. «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуына біздің оңтүстік әскерлерінен 2000-ға жуық әскери қызметші,1000-нан астам әскери техника жұмылдырылды. Бұл «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында біз басқа ведомсвтоаралық күш-құралдармен қарым-қатынасты арттырып, солармен бірге жұмыс істеп, жұмыстарымызды әрі қарай шыңдадық, - деді ол. 

Нұрлыхан Темірбеков олардың тиімділігі туралы да айтып берді.

Заманымызға сай мұндай жаттығулар заңсыз қаруланған құрамалар дейді ғой, жаңағы лаңкестермен күрес. Лаңкестермен тек қана қана Қарулы күштер ғана емес, бүкіл күш-құралдар күресуі керек. Сондықтан біз басқа күштермен қарым-қатынасымызды арттырып, күш-құралымызды дұрыс пайдалануды бірге белгіледік. Осы оқу-жаттығуда басқа да күш-құралдармен бірлесіп объектілерді қорғанысқа алдық. Стратегиялық маңызды объектілерді барлық күш-құрал бірігіп, әрқайсымыз өзіміз бөлдік,  қай объектіні кім қорғанысқа алады. Осының нәтижесінде лаңкестерге төтеп беру бізге оңай деп есептеймін, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы