Елордада түтін шығуының себебі анықталды

18 Сәуір 2022, 15:51
1314
Бөлісу:
Елордада түтін шығуының себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының түтіндеуі байқалды, «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері, ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан асып кетуі тіркелді, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

 Олар: 

1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК шегінен асып кетудің 38 жағдайы;

2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,1-2,2 ШЖК шегінен асып кетудің 76 жағдайы;

3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 7 жағдайы;

4) азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асып кетудің 30 жағдайы;

5) азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асып кетудің 53 жағдайы;

 Келесі аймақтар неғұрлым ластанған: азот диоксиді бойынша № 5 бекет (Тұран даңғылы 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал ш/а), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары.

 Нұр-Сұлтан қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 стационарлық бекетте жүргізіледі, оның ішінде 6-ы автоматты бекет және 4 қолмен сынама алу бекеті болып табылады.

 NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалды. Бұл өрттер өз кезегінде, бүгін елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін еді.

 Синоптикалық жағдай келесідей:

Болжам бойынша, алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын басым болады, 18, 20-21 сәуірде жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Түнде ауа температурасының 5...7 градусқа дейін біртіндеп жоғарылауы, күндіз 15...17 градустан 10...12 градусқа дейін төмендеуі болжануда.

Өзгелердің жаңалығы