Енді Президент аудан және ауыл әкімдерін жұмыстан босата алмайды

18 Сәуір 2022, 11:53
2518
Бөлісу:
Енді Президент аудан және ауыл әкімдерін жұмыстан босата алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай Президент аудан және ауыл әкімдерін лауазымдарынан босата алмайды. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Мусин Президент айтқан және өзінің шешімін талап ететін тағы бір мәселе туралы айтты.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Президенттің артық өкілеттіктерін болдырмау және әкімдер мен мәслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беру арқылы «қолмен басқару» практикасынан кету қажеттігі туралы айтты.

Осыған байланысты Президенттің облыстар және Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығын алып тастауға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкілеттіктері жойылады, - деп түсіндірді Әділет министрі.

Сөзінше, бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдардың күшеюіне және тұтастай алғанда, саяси жаңғыртуға ықпал етуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы