Екі айдың ішінде елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған

18 Сәуір 2022, 17:56
1506
Бөлісу:
Екі айдың ішінде елден 3,5 мыңнан астам адам кетіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 3520 адам кетіп, елге 2869 адам келген. Көші-қон сальдосы-651 адам.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 87,3%, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 79,2%- ын құрады, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға азайған.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт өңірінде қалыптасты: Нұр-Сұлтан (5447 адам), Алматы (5734 адам), Шымкент (776 адам) және Маңғыстау облысы (жеті адам) қалаларында.

Өзгелердің жаңалығы