Жеңіс Қасымбек Саран қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

18 Сәуір 2022, 13:21
1600
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Саран қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тұрғындармен кездесуінде жолдарды, үйлер мен аулалардың қасбеттерін жөндеу, Саран қаласының инфрақұрылымын дамыту және ТКШ-ның басқа да мәселелері басым болды. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ашық диалог барысында өңір басшысы моноқаладағы проблемалар бар екенін және олар біртіндеп шешіліп жатқанын атап өтті. Қазір кестеге сәйкес орталық қазандық салынуда. Негізгі корпус дайын, қазандықтар, сорғылар, резервуарлар орнатылған. Алдағы жылыту маусымында қаланың бір бөлігі орталық жылуға қосылады деп жоспарлануда.

Саран қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны 260%-ға артты. РТИ шағын ауданындағы үйлерді қалпына келтіру есебінен өсім байқалып отыр. Онда тоғыз үй қалпына келтіріле бастады, екеуі аяқталды. Сондай-ақ, қалада, Рабочая көшесінде екі 100 пәтерлі жалға берілетін үй аяқталады.

Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады. Онда газ шығарылып, кәсіпорындар қосыла бастады. Жоспар бойынша Ақтас кенті мен қала келесі жылдан бастап қосылады.

Жаңа индустриялық жобалардың пайда болуына байланысты Саран қаласының болашағы зор. Әрине, бұл шахтёрлер қаласы, бірақ қазір мұнда басқа өнеркәсіп те дамып келеді. Менің негізгі міндетім – сіздердің балаларыңыздың шахтаға ғана емес, басқа мамандықтарды да меңгеріп, сұранысқа ие болуы үшін экономиканы әртараптандыру. Қаланың одан әрі дамуына барлық мүмкіндігі бар, – деді Жеңіс Қасымбек. 

Өз кезегінде Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов индустриялық аймақ болашақта алты мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитынын атап өтті.

Сондай-ақ, қалалық колледждер базасында шина, резеңке-техникалық, полимер өндірісі үшін мамандар даярлау жүргізілуде. Осылайша, екі жылдан кейін біз білікті мамандарды аламыз, – деп атап өтті Саран қаласының әкімі.

Кеншілерден келіп түскен "АрселорМиттал Теміртау" міндеттемелерінің кейбір тармақтарын орындау жөніндегі мәселелер де талқыланды. 

Облыс әкімі компания басшылығымен арнайы кездесу өткізетінін хабарлады. 

Мен үшін кеншілердің мәселелерін шешу негізгі болып табылады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Тұрғындарды сондай-ақ Ақтасқа өтер жол қашан ретке келтірілетіні де қызықтырды. Ол ұзақ уақыттан бері жөндеуді қажет етіп келеді.

Мәселе белгілі, бірақ ол республикалық деңгейде шешілетін болады. Жөндеу Жезқазған – Қарағанды жолын қайта құру кезінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы