Алдағы күндері жауын-шашынды болады

18 Сәуір 2022, 11:02
1072
Бөлісу:
Алдағы күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 19-21 сәуірге  арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжануда.

Осылайша ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашынды болып (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай ойнап, желдің күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, нөсер болады. Сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. 

Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі — түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 5-15 жылу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылу болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы