Алматы зообағындағы жануарларға ойыншықтар сыйға берілді

18 Сәуір 2022, 21:15
1977
Бөлісу:
Алматы зообағындағы жануарларға ойыншықтар сыйға берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы зообағындағы жануарларға ойыншықтар таратылды. Аталған ойыншықтар «Зообақта сыйлықтар күтеді» атты акциясы аясында жиналған. Бұл туралы зообақтың instagram парақшасында жарияланды.

Зообақ жақында «Зообақта сыйлықтар күтеді» атты акцияны өткізген. Акция аясында жиналған ойыншықтар жануарларға табысталды.

Бізге жанашыр қала тұрғындары бөшкелер, конустар, жұмсақ ойыншықтар, доптар мен арқан сияқты түрлі ойыншық заттар әкеліп тапсырды. Бұл сыйлықтардың барлығын біз жануарларға үлестіріп бердік. Шимпанзе Пашаға жұмсақ, жылы көрпеше бердік, ақ қолды гиббон Табин доппен ойнап, лемур мен мартышкалар жұмсақ ойыншықтар алды. Сурикат пен кіреукелерге де доп бердік. Ұзын арқандардан арыстандарға арнап ойыншықтар жасап береміз, – деп жазды зообақ өздерінің instagram парақшасына.

Сондай-ақ қызықты әрі пайдалы ойыншық заттарға жаунарлар қуанып қалғаны айтылады. Жануарлар ойыншықтарды қызықтап, секіріп, тартып, жұлмалап, дөңгелетіп ойнап жүр.

Зообақ акцияға қатысып, қолдау білдірген баршаға зообақ ұжымы атынан алғыс айтады.

Өзгелердің жаңалығы