Павлодар облысында 500-ге жуық саяжай өртеніп кеткен

18 Сәуір 2022, 17:51
1480
Бөлісу:
Павлодар облысында 500-ге жуық саяжай өртеніп кеткен
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі маусымы басталғалы бері сегіз дерек тіркелді. Салдарынан бағбаншылық шаруашылық аумақтарында 478 саяжай мен нысандары жанып кетті.

Сала мамандарының хабаралуынша, тілсіз жау жалмаған нысандардың 200-ге жуығы жұмыс істеп тұр. От тараған аумақ 180 гектарды құрап отыр. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтың айтуынша, өрттің таралуына адамдар кінәлі. 

Саяжайлардағы жағдай күрделі, себебі, от желдің салдарынан тез таралып жатыр. Үйлердің ішіндегі жанар-жағармай, ағаш конструкциялар жанып жатыр. Оған қоса, саяжайларға әзірге су тарту жұмыстары бастала қойған жоқ. Судың жоқтығынан тілсіз жаумен күресу қиындап кетті. Соңғы бірнеше күнде «Надежда» және «Шығыс» бағбаншылықтары зардап шекті. Қызыл жалын 13 көшені жалмады. Сонымен қатар, жалпы аумағы 60 гектар болатын құрғақ шөп өртеніп кетті. Учаскелердің бірінен 74 жастағы зейнеткердің денесі табылды, - дейді Қайрат Шаймарденов. 

Айта кетейік, облыста 29 бағбаншылық бар. Олардың 19-ы  облыс орталығында орналасқан.  Өткен жылы тоғыз өрт дерегі тіркелген. Салдарынан 158 саяжай нысаны зардап шекті. 

 

Өзгелердің жаңалығы