ИИДМ вице-министрі Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті

18 Сәуір 2022, 21:43
1120
Бөлісу:
ИИДМ вице-министрі Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Антон Заевпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Кездесуге сондай-ақ ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда ауыл шаруашылығы және мұнай-газ машина жасау, азаматтық авиация және көлік саласы. Сондай-ақ Ертіс өзенін бірлесіп пайдалану және министрлік жетекшілік ететін салаларға инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті мен көрші елдер арасындағы қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы