Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 Сәуір 2022, 23:03
1252
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, шаңды дауыл тұрып, күн күркірейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

19-22 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) жылымық әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда екпіні – 15-20 м/с. Шымкент: 19 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан: 19 сәуірде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады. 

Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында таулы және тау етегіндегі аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы