Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны қысқартылады

18 Сәуір 2022, 11:37
4820
Бөлісу:
Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны қысқартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында Әділет министрі Қанат Мусин Президент тағайындайтын Сенат депутаттарының саны қысқартылатынын мәлімдеді.

Президент тағайындайтын Парламент Сенатының депутаттары бойынша өзгерістер жоспарланып отыр, олардың саны қысқартылады, - деді Мусин.

Министр атап өткендей, Мемлекет басшысы Парламент Сенатындағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды, олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады, қазіргі уақыттағыдай сайламайды. 

Яғни енді Президент Сенатта Сенаттың 15 депутатының орнына тек 5 депутатты, ал қалғанын қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерін білдірілуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы белгілейді. Нәтижесінде Мемлекет басшысының өкілді органның жоғарғы палатасын құруға қатысуы айтарлықтай төмендейді, - деп түсіндірді Әділет министрі Қанат Мусин ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы