Мектептегі әлімжеттік. Биыл полиция 4 қылмысты әшкерелеген

18 Сәуір 2022, 11:40
2668
Бөлісу:
Мектептегі әлімжеттік. Биыл полиция  4 қылмысты әшкерелеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты.

Барлық орта білім беретін оқу орнында біз БҒМ-мен бірлесіп анонимдік өтінім беру бойынша жағдай жасадық. Анонимдік жәшіктерге кез келген оқушы анонимді түрде құқықбұзушылық туралы өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ мектептерде оқушылардан анонимдік сауалнама жүргізіледі, - деді ол. 

Жасұлан Жұманалин атап өткендей, биыл полиция қызметкерлері осыған қатысты 4 қылмысты әшкереледі. 

Сондай-ақ мектепте оқушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Онда құқықбұзушылықтар мен оларға тағайындалатын жазаның түрлері түсіндіріледі. Жасөспірімдердің құқығын қорғауға арналған сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, - деді Жасұлан Жұманалин. 

Өзгелердің жаңалығы