Президенттің 155 тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр – ИИДМ

18 Сәуір 2022, 14:45
1209
Бөлісу:
Президенттің 155 тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр – ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Жиналыста ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмалардың орындалу барысы егжей-тегжейлі талқыланды. 

ҚР ИИДМ аппарат басшысы Ерболат Мұқаев жылдың басынан министрлікке Президенттің 188 тапсырмасын орындау бойынша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Бүгінгі таңда берілген тапсырмалардың 34-і бақылаудан алынып, 155-і орындалуда.

Аппараттық кеңесте сонымен бірге мамыр айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс 32 тапсырманың орындалу барысы қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.Камалиев көлікті дамыту және жол құрылысы саласындағы нұсқауларды орындау жөнінде ақпарат берсе, вице-министр Е.Дауылбаев тұрғын үй құрылысы саласындағы тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ М.Қарабаев, Р.Баймишев және Д.Щеглова индустриялық даму, жер қойнауын пайдалану және цифрландыру салаларындағы тапсырмалардың жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында тұрақты және қатаң бақылау болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы