Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртенді

18 Сәуір 2022, 16:05
1383
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

18 сәуірде сағат 14:30-да 101 пультіне  Алатау ауданындағы Ақкент ш/а  тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарланған. Оқиға орнына ТЖД-нің бірнеше өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары дереу жіберілген.

Құтқарушылар келген бойда  жалпы алаңы 10 ш. м. 7-қабатында орналасқан пәтердің балконы ашық жалынмен жанып жатқан және 8-9 қабаттарға таралу қауіпі анықталды.  Газ-түтіннен қорғау қызметінің жасағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралармен 7 адам құтқарылып, 65 адам эвакуацияланды, оның ішінде әйелдер мен балаларбар.  Өрт 15:02-де сөндірілді,-делінген хабарламада.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Сонымен қатар ТЖД Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ұсынады: электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, балкондарды жанғыш материалдармен қоқыстамаңыз және темекі шекпеңіз.
 

Өзгелердің жаңалығы