Алматыда пышақпен қаруланған қалта ұрысы ұсталды

18 Сәуір 2022, 20:32
1167
Бөлісу:
Алматыда пышақпен қаруланған қалта ұрысы ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы пышақпен қаруланған қалта ұрысын ұстады. Қаскөй тек қоғамдық көліктерде ғана жүрген. Бұл туралы Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатовтың айтуынша, ұры Алматы облысы, Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.  Бұл жолы ол 206-бағытындағы қоғамдық көлік жолаушысының ұялы телефонын ұрлап кеткен.  Әйел бұл туралы полицияға хабарламағанымен, орын алған қылмыс туралы белгі берген қоғам қайраткерінің жазбасынан білдік.  Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді.  Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді  полиция подполковнигі.

Сонымен қатар, ол немқұрайлық танытпай, белсенді азаматтық позициясын танытқан жанашыр азаматтарға алғысын білдірді.

Қазір біз, қауіп-қатерге қарамастан қылмыскерді ұстап қалуға тырысқан жас жігіттің жеке басын анықтап жатырмыз.  Мұндай әрекет - өте құнды, – деді Қуатбек Науатов.
 

Өзгелердің жаңалығы