Тоқаевтың туысы Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады – Мусин

18 Сәуір 2022, 12:34
1323
Бөлісу:
Тоқаевтың туысы Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Болгариядағы елші қызметін атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы Конституцияға енгізілген өзгертулер қабылданғаннан кейін қызметін босататыны туралы айтты.

Әділет министрлігінің басшысы журналистерге Теміртай Ізбастиннің Болгариядағы елші лауазымын иеленуі Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерге қаншалықты сәйкес келетінін түсіндірді. 

Теміртай Ізбастин - Президенттің кіші қарындасының жұбайы.

Мұндай тыйым салынғаннан кейін, әрине, барлығы заңға сәйкес жүргізіледі. «Алып тастау» бізге кеңестік дәуірден енген термин. Ол бұл қызметті заңды түрде атқара алмайтындықтан орнын босатады, - деді министр.

Қанат Мусин бұған дейін Президенттің жақын туыстары лауазымды қызметтерге тағайындала алмайтыны туралы айтқан болатын. Президент Жарлығымен Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары жатқызылған.

Оның айтуынша, мұндай лауазымдардың қатарына дипломатиялық дәрежелер де жатады.

Өзгелердің жаңалығы