Все новости за 3 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райы жағдайының бұзылуына (боран, тұман, көктайғақ болуына) байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынады.
-
Қаржы ұйымдарына 127,3 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы тұрғысынан қаржы ұйымдары жол берген заң бұзушылықтарды мониторингтеу және талдау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарына тиісті ықпал ету шараларын және әкімшілік жаза қолданады.
-
Астана мемлекеттік қызмет хабы серіктестік аясын кеңейтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Катар мемлекетінің Білім, ғылым және қоғамдастықты дамыту қорының мүшесі, Дохадағы Хамад Бин Халифа университеті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында бiлiм, тәжiрибе және жетiстiктерімен алмасуға ниет білдірді.
-
БҚДА және ЭЫДҰ студенттер үшін оқу құралын дайындау туралы уағдаласты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл БҚДА тәуелсіз ведомство ретінде құрылған сәттен бастап тараптардың алғашқы кездесуі.
-
Атырау әкімі Әнес Сарайдың туыс-туғандарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Әнес Сарайдың туыс-туғандарына көңіл айтты.
-
МӘМС: Өткен айда астаналықтар 2,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 29 қаңтары аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 60 млрд теңгеден асады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бектаев: Парламентке өте алмадық, бірақ жеңілген жоқпыз
-
Ғазиза Жұбанова атындағы квартеттің концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті квартеттің «Под знаком Белы Бартока» атты концерті өтті.
-
Елордадағы СОО-лар мен сауда үйлері қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс уақытын сағат23:00-ге дейін ұзартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Шымкентте бір айда 39 оқушыдан COVID-19 анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 ақпан аралығында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 39 жағдай тіркелген.
-
Түркістан облысында «Тұран» футбол клубы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футболдың дамуына үлесін қосатын болады.
-
Әлімханұлы Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыса алмайды
-
Еш жеріңіз ауырмаса да жиі тексеріліп тұрыңыз – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР ДСМ Бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова «Пациент білуі тиіс: қатерлі ісіктің симптомдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
-
«Ashуq» мобильдік қосымшасы бизнес орталықтардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Электрондық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.
-
АҚШ пен Мексиканың зерттеушілері «ұзақ Ковид» белгілерінің толық тізімін жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Постковидті синдромға арналған көптеген жұмыстарды зерттей отырып, COVID-19-бен ауыратын адамдарда кездесетін 55 асқынуды анықтаған.
-
Судья: Жаңа Кодекс – жаңа бетбұрыс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынаргүл Шайдиева 2021 жылдың шілдесінен қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы өз пікірін білдірді.
-
Алматыда бокстан жасөспірімдер арасындағы чемпионат басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті,
-
Дәрілік заттар бір жыл ішінде 10 пайызға қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы елдегі фармацевтикалық препараттар бір жыл бұрыңғымен салыстырғанда 9,9%-ға қымбаттады, деп жазды energyprom.kz.
-
Волейболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасындағы бәсеке жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының ІІІ кезеңі басталады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Әбілшайықов: Кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық жоба бастадық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» атты брифингінде «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.
-
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сусыз және жарықсыз отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысында 31 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығы салдарынан бес аудан жарықсыз қалған. Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. Сондай-ақ екі ауданда насостың күйіп кетуіне байланысты бірқатар ауылдардың сумен қамту жүйесі істен шықты.
-
Министр мүгедектігі бар адамдардың мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов онлайн режимде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бейресми кездесу өткізді.
-
Жақында Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлаймын – Димаш Ниязов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йорктегі танымал қазақ полицейі Димаш Ниязов 20 ақпанда Майами қаласында жекпе-жек өткізетінін айтты. Бұл туралы АҚШ-тағы жерлесіміз AntikorLive жобасының тікелей эфирінде кезінде хабарлады.
-
Вакцина салдыру кезінде неліктен қашықтық сақталмады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекет басшысының елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» тақырыбында өткен брифинг барысында Ерлан Қиясов журналистің апта басында вакцина салдыру шарасы кезінде неліктен қашықтық сақталмағанына жауап берді.
-
Ажар Ғиният: Температурасы 37-ден асса, екпе жасатуға болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ғиният Ажар ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында барысында айтты.
-
ҚР бойынша жағдайы ауыр пациенттердің саны төмендеді – Ажар Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында барысында айтты.
-
Вакцинадан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Қиясов: «Ashyq» – КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациямен байланысты емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында электрондық вакцинация паспортына қатысты сұрақтың көптеп келіп жатқанын айтты.
-
Қазыбек Иса Маминге мемлекеттік тілге қатысты 4 ұсынысын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Үкімет басшысына мемлекеттік тілге қатысты сауал жолдап, өзінің 4 ұсынысын айтты.
-
Қостанайда ұландықтар алтын бұйымдарын ұрлаған бұзақыны қолға түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері жедел басқару орталығынан «Сауда орталығы» ғимаратында ұрлық жасалғаны туралы хабар алады.
-
Қаңтарда еліміздегі сырқаттанушылықтың орташа үрдісі сақталды – Ажар Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларының қалай іске асырылып жатқаны жайлы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ғиният Ажар айтты.
-
Латын әліпбиін латын тілімен шатастыратындар бар – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. 2023 жылдан бастап Қазақстан латын әліпбиіне көшеді. Латын әліпбиінің маңызы жайлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі Айнұр Аташбекқызының пікірін сұрап білдік.
-
СOVID-19. Әлемдік рейтингте Қазақстан 109-орында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
«102» қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ішкі істер министрлігінде «102» мобильдік қосымшасы таныстырылды.
-
Мемлекеттік қызмет саласындағы шағымдар 35%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша азаматтардан 146 өтініш келіп түсті.
-
Алматыда жастарды әскер қатарына есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 17 жасқа толған жастарды әскерге шақырту учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Фархат Құрманғажинов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Ұлыбритания Valneva вакцинасының қосымша 40 млн дозасына тапсырыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания франциялық Valneva фармацевтикалық компаниясынан коронавирустық вакцинаның қосымша 40 миллион дозасына тапсырыс берді.
-
Сапарбаев: Кабинетте отырып, өздеріңізді үлкен бастық сезінбей, ауылдық округтерге барыңыздар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев кезекті аппараттық кеңесте аудан әкімдерінің саладағы инвестиция тарту бойынша әлсіз жұмыстарын сынға алды.
-
Кәсіптер мен құзыреттердің атласы негізінде оқыту бағдарламалары енгізіле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын еліміздің жоғары оқу орындарымен және колледждерімен белсенді интеграциялауды жалғастыруда.
-
Мұғалімдер үшін аттестаттаудың екінші кезеңін жеңілдеткіміз келеді – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде еліміз бойынша барлық мемлекеттік орган мен жеке және мемлекеттік кәсіпорындарда цифрландыру үрдісі толықтай жүргізіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігінде де бұл бағытта біраз жұмыс атқарылды, дегенмен тоқмейілсуге болмайды, деп жазды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.
-
АӨСШК-де Жол картасы бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеу және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) хатшылығына барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: Алматының Наурызбай ауданындағы медицина қызметкерлері 100% екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. №36 Қалалық емхананың ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғандардың ең алғашқысы екенін айта кеткен жөн.
-
Аналогтық хабар тарату тарих қойнауына енді – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цифрлы эфирлік телевизияға көшіру жобасының аяқталғанын хабарлады.
-
Қоңырбаев: Техникалық университеттердің стартаптарына қызығушылық мол
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
-
«e-Salyq Azamat» қосымшасынан еңбекақы туралы мәліметті білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы еңбекақылары туралы мәліметтерді көре алады. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриффингте қосымшаның ерекшелігі туралы айтып берді.
-
Қазақстанның онлайн сот процестеріне әлемнің 20 елінің өкілдері қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қазақстанның онлайн сот процестеріне қатысушылар әлемнің 20 елінен қосылды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
-
Елордада 7 ақпанда автобус тоқтамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19: Латвия төтенше жағдай режимін сәуірге дейін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен күрес аясында республика басшылығы сауда және білім беру саласындағы шектеулерді өзгертті.
-
Елімізде «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханда «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылу салтанаты болды.
-
Кентауға 57 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласының экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен.
-
Мәжілісмен Қазақстанда кедейшілікпен күресу үшін халыққа 20 сотық жер беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда кедейшілікпен күресу үшін халыққа 20 сотық жер беру керек. Мұндай ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров айтты.
-
Қазақстанда әділ жұмыс істейтін полицейлер көп – Нью-Йорктегі қазақ полицейі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін AntikorLive жобасының тікелей эфирі кезінде Нью-Йорктегі танымал қазақ полицейі, «Нью-Йорктің үздік полицейі» марапатының иегері Димаш Ниязов қазақстандық әріптестері туралы ойымен бөлісті.
-
Кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шаралар атқаруда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тоқталды.
-
Шекарадағы 10 бекет жаңартылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел шекарасындағы он өткізу бекеті қайта жаңартылады.
-
Қазақстанға ұшып келген 133 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 2 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.
-
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайын баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Қытаймен арадағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік 45%-ға дейін төмендеді.
-
Ел азаматтары көлеңкелі экономикамен күресуге атсалыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобаларына қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.
-
Депутаттың біліктілігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінеді. Бұған Нығматулин ашуланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы мәслихат депутаттарына жаңа құқық беру жоспарланып отыр. Ол үшін 647 миллион теңге бөлінеді.
-
Сұлтанғазиев: Елде жоспарланған бюджет кірістері асыра орындалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылға жоспарлаған бюджет кірістері асыра орындалды.
-
Димаш Ниязов АҚШ полицейлеріне пара ұсынған жағдайда не істейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін AntikorLive жобасында Нью-Йорк полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесі талқыланды.
-
Сәрсенов: «SOS батырмасы» пилоттық режимде іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов «102» мобильдік қосымшасының таныстырылымында айтты.
-
Адамдар пәтер ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздеп жүр. Депутат Маминге мәселені төтесінен қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева Үкімет басшысына «Шаңырақ» бағдарламасына қатысты сауал жолдады.
-
Оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов «102» мобильдік қосымшасының таныстырылымында айтты.
-
АҚШ-тағы қазақ полицейі: 2020 жыл біз үшін қиын жыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін AntikorLive жобасында өткен тікелей эфир кезінде Нью-Йорктегі танымал қазақ полицейі, «Нью-Йорктің үздік полицейі» марапатының иегері Димаш Ниязов Нью-Йорк полицейлері қалай жұмыс істейтінін айтты.
-
Экология министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Шавхат Әнесұлы Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
-
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нариман Талғатұлы Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
-
Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жаңа сервис «102» мобильді қосымшасын таныстырды.
-
Зейнетақы жинақтарын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең алғаш болып Шымкент қаласында тұратын қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еш рұқсат сұрамай, орыс тіліне қарай сырғып кеттіңіз. Депутат министрге ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев депутаттардың бірінен сөз естіді.
-
Қатерлі ісікті үш рет жеңген оқушы қыз коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миссури штатының Канзас-Сити қаласындағы мектеп оқушысы қатерлі ісікті үш рет жеңіп, коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы «10 WAVY» телеарнасының сайты хабарлады.
-
33 жастағы министр қазақша сауалды ілеспе аудармамен тыңдап, орысша жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік тілдегі сауалдардың өзіне орысша жауап қайтарып жатыр. Тіпті, сауалды түсінбей ме, ілеспе аударма арқылы тыңдайтынын байқадық.
-
ДДСҰ: «Британдық» штамм бір апта ішінде тағы 10 елде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта ішінде коронавирустың «британдық» штаммы (VOC-202012/01) әлемнің тағы 10 елінде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
-
Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Станиславұлы Тынысбеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Бүгін Мәжілісте депутаттар тағы ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліске жаңадан сайланған депуттаттардың кейбірі сессияның ашылуына келе алмаған еді. Солар бүгін жалпы отырыста ант берді.
-
Кәсіпкер Әділжан Ибрагимов өмірден озды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық бизнесмен әрі Eurasian Resources Group компаниясының акционері Әділжан Ибрагимов қайтыс болды.
-
Жаһандану заманында жұтылмау үшін ұлттық құндылықты насихаттау керек – Баһаргүл Төлегенқызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегенқызын қазақтың қолданбалы ұлттық өнерін насихаттаушы ретінде жақсы білеміз. «Әдемі-ай» компаниясының директоры өз туған күнінде әдемілік саласындағы империяны қалай қалыптастырғаны туралы айтып берді.
-
Бас қала мен 5 облыс «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің үш облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Сағынтаев: Цифрландыру – қылмысқа қарсы күресте неғұрлым тиімді құрал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтты.
-
6 адам коронавирустан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 3 ақпандағы ақпаратты жариялады.
-
Алматы инфекционистері вакцинацияның маңыздылығын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. «COVID-19 емдеу үшін арнайы препараттар жоқ, соның салдарынан асқынулар байқалады». Алматы инфекционистері вакцинацияның маңыздылығын түсіндірді.
-
Сатқанымыздан сатып алғанымыз көп. Экономист 5 жылдан бері ЕАЭО-ның пайдасы болмағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2,6 пайызға төмендеген болатын. Енді 2021 жылы Қазақстан экономикасында өсу байқала ма, әлде тағы құлдырай ма? Теңге бағамына қатысты қандай болжамдар бар? Осы екі сұрақты тұрақты сарапшымыз - GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халыққа қойған едік.
-
Су добынан Қазақстан командасы Ресей чемпионатындағы жарысын жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан Қазақстан ерлер командасы ақпан айында бірнеше кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиындарына қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Pfizer биыл вакцина сатудан $15 млрд табыс табуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы биыл коронавирусқа қарсы вакцина сатудан түсетін табысы 15 миллиард долларға жетеді деп болжап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 1136 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1136 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1228 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1228 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлпынайдың алғашқы өнімі максималды қауіпсіздіктегі АП-162/4 мекемесінде жиналды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Алматыда көлік жөндеу орталығы өртеніп, 20 машина жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда көлік жөндейтін орталықта өрт шығып, жиырма автокөлік жанып кетті.
-
Махамбет ауданында бройлерлік құс етін өндіру кешені салынады – Атырау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахан кентінде коронавирус жұқтырғандардың күрт артуына байланысты ақпанның алтысынан бастап мектептер қайтадан қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Таеквондодан Қазақстан чемпионаты Талдықорғанда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Талдықорғанда өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркістан: мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары үйіргелік жерге қызылша тұқымын егуді бастады. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
-
Таразда түрмеге тыйым салынған зат лақтырған алматылық азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз түрмесіне тыйым салынған зат лақтырған алматылық азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елімізде наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады, деп хабарлайды Аtameken Business.
-
Жыл басынан бері Павлодар облысында 80-ге жуық медицина қызметкері КВИ жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар оқу жылы басталғалы бері 989 оқушыдан коронавирус анықталған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің аппараттық жиынында өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.
Наверх