Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді

3 Ақпан 2021, 05:53
1182
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахан кентінде коронавирус жұқтырғандардың күрт артуына байланысты ақпанның алтысынан бастап мектептер қайтадан қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектепке дейінгі мекемелер мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысына толық тыйым салынды. Жәрмеңкелер және мәдениет нысандарының қызметіне де рұқсат жоқ.

Сенбі, жексенбі күндері базардың, моншалар мен қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды. Қызмет көрсету саласындағы нысандарға таңғы тоғыздан 16-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Өзгелердің жаңалығы