СOVID-19. Әлемдік рейтингте Қазақстан 109-орында тұр

3 Ақпан 2021, 17:03
1649
Бөлісу:
СOVID-19. Әлемдік рейтингте Қазақстан 109-орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Оның айтуынша, Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде коронавирустық инфекцияның өсім көрсеткіші бұрынғыша жалғасып келеді.

Бүгінгі күні әлемнің 220 елінде 104 миллион 375 мың 866 КВИ жағдайы тіркелген. Аурушаңдықтық өсімі 0,4%-ды құрады. 2 262 093 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші 2,2%-ды құрады. СOVID-19 індеті бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 221 ел ішінде 109-шы орында тұр, - деді ол. 

Бас санитардың мәліметінше, 3 ақпанда Қазақстанда 190 359 адамның коронавирус індеті анықталған, оның 171 099-ы жазылып шықса, КВИ- бойынша 48 005 жағдай тіркеліп, 36 229 адам сауығып кеткен. Ал соңғы тәулікте 1228 жағдай КВИ+ және КВИ- бойынша 107 жағдай тіркелген.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр. Жалпы, қараша айынан бері елімізде сырқаттанушылық деңгейі артып келеді. Қараша айымен салыстырғанда желтоқсанда өсім көрсеткіші 1,2%-ды құрады. Мұндай өсу деңгейі қаңтарда да сақталып отыр. Желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші қаңтарда 1,4 есеге өскен, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы