Оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе іске қосылады

3 Ақпан 2021, 12:19
2307
Бөлісу:
Оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе іске қосылады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов «102» мобильдік қосымшасының таныстырылымында айтты. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пилоттық жобаны іске қосамыз. Бұрын ұялы телефон немесе қолсағаттар арқылы баланың қай жерде жүргенін анықтауға болатын еді. Дегенмен олар қуаттағыш батарейлерге тәуелді болды. Ал бұл қондырғы баланың киіміне немесе сөмкесіне тігіледі. Оның батарейін бір жыл бойы ауыстырмауға болады, яғни қуаты сол уақытқа жетеді, - деді ол. 

Сәрсенов қондырғының жүйесі GSM-ге емес, bluetooth-ға қосылатынын айтты. 

Қазір екінің-бірінде bluetooth-ы бар қондырғы бар. Ол баланың трекингін анықтауға мүмкіндік береді. Оны тек ата-ана мен штаттан тыс оқиға орын алғанда полиция көре алады. Осылайша бұл полицияның бірден әрекет етуіне мүмкіндік береді. Пилоттық аймақ ретінде Алматы қаласы таңдалып отыр. Мектепті Білім және ғылым министрлігі таңдап берді. Жақын арада жоба пилоттық жүйеде жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін ел өңірлерінде іске қосылады, - деді ол. 

Ішкі істер министрінің орынбасары айтқандай, жүйе қазақстандық емес. 

Бұл қазақстандық know how емес. Әлемде ол тәжірибеде бар. Бұл жүйе МЖӘ бойынша енгізіледі. Оған мемлекеттің қаржысы жұмсалмайды. Интернетке тәуелді болмаған соң, кез келген адамның bluetooth-ы арқылы ақпарат алуға болады, - деді ол. 

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінде «мобильдік қосымшасы» таныстырылған еді.

Өзгелердің жаңалығы