Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайын баяндады

3 Ақпан 2021, 13:10
1455
Бөлісу:
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайын баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайын баяндады

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

 

Өзгелердің жаңалығы